Жылу мен ыстық судың тарифі қымбаттады

Жылу мен ыстық су үшін қостанайлықтардың қарызы – 986 миллион теңге. Бұған дейін, коммуналдық қызметтің бұл түрі үшін берешек 1 миллиард теңгеден асып жығылатын. Жауапты компания, мұның өзін жұбатарлық жаңалық деп отыр. 986 миллион теңге қарыздың 60 пайызы тұрғындардың берешегі. Ал жыл басталғалы қостанайлықтар жылу мен ыстық су үшін жаңартылған тарифпен төлейді. Анығы, энергетикалық компания қызмет көрсету құнын өсірді.

6 қаңтар 587_7004 01:25 Основными причинами… АУДАРМА: Инвестициялық бағдарлама көлемінің 182 миллионға, сумен жабдықтаудың 42 миллион теңгеге және тауарлық газ бағасының 397 миллион теңгеге көтерілуіне байланысты тарифті өсірдік, яғни компания шығынының артуына байланысты. Баға жеке, заңды тұлғалар үшін де, басқа санаттағыларға да бірдей 5,6 пайызға өсті.

5,6 пайыздық өсім мынадай болады. Есептеуіш жабдықтары бар жеке тұлғалар былтыр бір гигакалрия жылу үшін 5 246 теңгеге жуық төлесе, биыл 5 552 теңге төлейді. Ал есептеу құрылғысы жоқ азаматтар әр шаршы метріне жұмсалған жылудың 1 гигакалориясына 12 теңгеге қымбатырақ, 220 теңгеден төлейтін болады. Ал бюджеттік мекемелер үшін жылу 1261 теңгеге өсіп, әр гигакалориясы 24 502 теңгеден келеді. Тарифтегі өзгерістермен толығырақ энергетикалық компанияның сайтынан танысуға болады.