Бюджет қаражаты есебінен №4 су жылыту қазандығы мен №4 бу қазандығына күрделі жөндеу жүргізіледі.
Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен бірінші және екінші сатыдағы бу қыздырғыштарын ауыстыра отырып, №1 бу қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Жақында мердігер ұйым инвестициялық бағдарлама шеңберінде № 2 турбоагрегатты (ТГ) күрделі жөндеу жұмыстарын бастайды.
Инвестициялық міндеттемелер шеңберінде шикі су жылытқыштарын (ШСЖ) жөндеу жұмыстары аяқталды.
Өз қаражаты есебінен турбинаны ағымдағы жөндеуді және бірінші сатыдағы бу қыздырғышты ауыстыра отырып, №2 бу қазандығын күрделі жөндеуді аяқтады.
Шілде айында ЖЭО-да инвестициялық міндеттемелер шеңберінде №5 бу қазандығын күрделі жөндеу басталады
Қазіргі уақытта ЖЭО қаланың барлық орталық бөлігін және КСК ауданың ыстық сумен қамтамасыз етеді.