Аптаның басынан бастап жылу компаниясының қызметкерлері жалдамалы пәтерлер бойынша тұрақты төлемей жүргендерге «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-мен бірлескен рейдтер жүргізуде.
Осы санаттағы 900-ден астам абонент жылу компаниясына 55 млн.теңге қарыз.
Төрт күндік рейдтер барысында 5 миллион теңгеден астам қарыз туралы хабарламалар табысталды.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан мүлiктi жалдау шартына сәйкес жалға алушылар коммуналдық төлемдердi белгiленген тәртiппен уақтылы төлеуге мiндеттенедi, мұны кейбiр жалға алушылар сақтамайды.
Тұрғын үй қатынастары бөлімінің маманы Төлеби Әділұлы «ҚЖЭК» МКК қызметтері үшін берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарламаны бір ай мерзімде тапсырады. Олай болмаған жағдайда, мемлекеттік орган жалға алушыны шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр.
Рейдтік іс-шаралар барлық қасақана төлемеушілердің 100% аралап өткенге дейін жүзеге асырылатын болады.