АУЖАНОВ АЗАМАТ КАНАТОВИЧ
Директор
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК.
1976 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар.
1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2002 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы болып қызметін атқарған.
Қостанай облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің қаржы-заң бөлімін, экономика және қаржы бөлімін, Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі болды.
ПЛОТНИКОВ ВЯЧЕСЛАВ ВЛАДИМИРОВИЧ
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК-нің
директорының орынбасары-бас инженер
Жалпы ақпарат:
1974 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
1998 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша және 2022 жылы академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
«Құрметті энергетик. «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының» (Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі) және ТМД-ның еңбек сіңірген энергетиuі, Қостанай облысы әкімінің грамоталары.
Жалпы еңбек өтілі мен саладағы еңбек өтілі 28 жыл.
Мансап:
Еңбек жолын 1994 жылы «Қостанайэнерго» энергетика және электрлендіру өндірістік бірлестігінің Қостанай жылу желілерінің №2 қазандығында 3-разрядты қазандық жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь болып бастады.
1998 жылы “Қостанай жылу желілері” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының газ қызметіне 3-разрядты газ жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь болып қабылданды, онда өзінің техникалық деңгейін үнемі арттыра отырып, оған 4, содан кейін 5-разрядты біліктілік беруге қол жеткізді.
«ҚЖЭК» МКК-де жұмыс істеген жылдары газ қызметінің бастығы, кәсіпорынның шағын қазандықтар цехының бастығы, «ҚЖЭК» МКК бас инженері бастығының орынбасары, Қостанай ЖЭО бастығы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы 20 маусымнан бастап «ҚЖЭК» МКК директорының орынбасары – бас инженері лауазымына ауыстырылды.