«Таза Қазақстан»

Апта сайын бүкіл республика бойынша іске қосылған “Таза Қазақстан” тұрақты экологиялық акциясы шеңберінде жылу компаниясының қызметкерлері қалалық аумақтарды санитарлық тазартуға шығады. Акцияның алғашқы күндерінен бастап жылу берушілер қалалық жағажай, триатлон паркі және оған іргелес аумақты тазалауға қатысты.

Бүгін “ҚЖЭК” МКК қызметкерлеріне Жаңа аумақ, жинау орны Комаров көшесі-5 Желтоқсан көшесінің қиылысы сағат 15:00-де бекітілді.