Құрметті «ҚЖЭК» МКК қызметтерін тұтынушылар!

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «ҚЖЭК» МКК тарихында тұңғыш рет 2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап  «Қарызды өтеу -айыппұлды үнемдеу» акциясын жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптасқан жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін мерзімі өткен берешекті(негізгі борышты) толық өтеу шартымен 2024 жылдың соңына дейін ғана кәсіпорын айыппұлды есептен шығарады.

Акция мемлекеттік ұйымдарға қолданылмайды, сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімі не атқарушы жазуы бар айыппұл  есептен шығаруға жатпайды.

Сіздерді Бородин көшесі, 231, 1 қабат Абоненттік бөлімде күтеміз.