Рейд

Демалыс күні қарсаңында жылу компаниясы қызметкерлері мен ЖСО-мен кезекті рейді өтті. Бұл жолы борышкерлерді аралауға ҚЖЭК МКК материалдық техникалық қамтамасыз ету және персоналды басқару басшысы Талғат Кәкімов қатысты. Жалпы қарызы 6 миллион теңгеге жуық 11 мекенжайды араладық. Қарыздан бас тартпай, мүмкіндігінше төлеуге тырысатындар арасында өзінің 600 мың теңгесін мүлде үлкен қарыз деп санамай, агрессияға ұшырайтындар да бар. Мұндай рейдтерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, өйткені қызметкерлер мен ЖСО өкілдері үшін бұл жай ғана жұмыс міндеті.