Бүгін «ҚЖЭК» МКК басқарма базасында «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіков жылумен жұмысшылармен кездесу өткізді.
Қайрат Жандульдинұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.
Кездесу барысында «ҚЖЭК» МКК комплаенс-офицері Талғат Кәкімов кәсіпорында енгізілген ISO 37001:2016 «парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» стандарттары туралы айтып берді.
Бұл халықаралық стандарт кәсіпорында 2023 жылдан бастап енгізілді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процестері мен рәсімдерін құруға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, сәйкестік аудиттері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын регламенттеуді көздейтін нормативтік құжаттар әзірленді.