Қостанайлықтардың жылу компаниясына қарызы 1 млрд теңгеден асты

Кәсіпорын күн сайын рейдтік іс-шара ұйымдастырып, қарыз өндіру үшін пәтер жағалайды. Десек те, нәтиже көңіл көншітпейді. Себебі тұрғындар келген кәсіпорын қызметкеріне есіктерін ашпайды. Оған біз де куә болдық.
Кәсіпорын қазіргі таңда 84 923 абонентті ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қараша айының соңындағы жағдай бойынша дебиторлық берешектің жалпы көлемі 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ 16,4 пайызға жоғары.

– Олардың 54%-ы – жеке тұлғалар, 40% – заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер, 6% – бюджеттік ұйымдар. Дебиторлық берешектің шамамен 75%-ы, ал бұл 813 миллион теңге, яғни екі айдан астам кешіктірілген төлемдер. Шамамен 266 миллион теңге – бұл ағымдағы қарыз. Жылыту маусымының бірінші айында тұтынушыларға 1 млрд 272 млн теңгеге шоттар есептелді. Оның ішінде бізге 1 млрд 212 млн теңгесі келіп түсті, яғни, негізінен, қараша айында жүргізілген есептеулер көлемі іс жүзінде 100% өтелді”, – дейді “Қостанай жылу энергетикалық компаниясы” МКК директоры Азамат Аужанов.

Тұтынушыларға қатысты дебиторлық берешекпен жұмыс істеу үшін жекеше нотариустарға 5900 борыщкер туралы хабарлама жіберілген.

– Соттарға 300 млн теңгеге жуық сомаға 28 материал жіберілді, оның ішінде 19 іс бойынша жылу компаниясының пайдасына шешімдер шығарылды. Сегіз материал қарастырылуда. Мен мүлікті иеліктен шығару, атап айтқанда оны сату жағдайларына назар аударғым келеді. Меншік иесі пәтерін сатып жіберсе, компаниямен келісім-шарт қайта жасасуды ұмытпауы керек. Олай істемеген жағдайды бұрыңғы иесіне қарыз жазыла береді. Бұл шоттарды бұғаттауға немесе басқа дажағдай қолдануға әкеліп соғады, – деді кәсіпорын директоры.

Жылу компаниясына тіпті ондаған жылдар бойына қарыз адамдар да бар. Айталық, бір борышкердің қарызы тіпті 3 млн теңгеге жеткен. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Сералы МЫРЗАБАЙ