Қостанайлықтардың жылуға қарызы 1 млрд теңгеден асты

Қостанайлықтардың жылу үшін қарыздары 1 млрд теңгеден асты. Бұл, рейд шараларын жандандыруға түрткі болды. Жылу энергетикалық компаниясының өкілдері берешегі қордаланғандарды жылудан ажыратуға мәжбүр болып отыр.

Мекеме мамандары қарыз ай сайын өніп емес, өсіп келетінін айтуда. Ал бұл жылда жүргізілетін жөндеу жұмыстары мен жабдықтардың жаңартуына кері әсерін тигізеді. Борышкерлердің көбі заңды тұлғалар. Оларды жылудан ажырату бойынша қатаң шаралар қолға алынып жатыр. Рейдке бақылаушылар мен сот орындаушылары жұмылдырылды.