Т Ұ Т Ы Н У Ш Ы Л А Р Д Ы Ң Н А З А Р Ы Н А
«Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланушылары
«ҚЖЭК» МКК Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.11.2019 жылғы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынылған жылу энергиясы үшін көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді орындады.
Уәкілетті органның 2024 жылғы 10 маусымдағы № 39-03-09/354 шешімімен жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ «халық» тұтынушылар санаты үшін қайта есептеу жүргізілді және бір шаршы метр үшін ҚҚС есепке алмағанда 32 017 теңгені құрады.
Қайта есептеу (қайтару) сомасы тұтынушылардың жеке шоттарына жіберіледі және 2024 жылғы маусым айына түзету түрінде хабарлама шоттарында көрсетіледі.
«ҚЖЭК» МКК бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін тұтынушыларға қайтарудың жалпы сомасы 12 752,6 мыңды құрады.
«ҚЖЭК» МКК әкімшілігі