Матросов көшесінде 299 метрлік жылу трассасына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 190 метр монтаждау жұмысы жүргізілді.
Қазір жоба жер асты құбырын орнатуды қарастырады, бұл жылу шығынын азайтуға, құбырдың қызмет ету мерзімін ұзартуға және көшенің эстетикалық келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Елордалық мердігер жұмысты 16 қыркүйекке дейін аяқтауы керек.