Кәсіптік оқыту

Жыл сайын Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес өз қызметкерлерін кәсіптік оқытуды жүргізеді. Жұмысшы кәсіптері үшін жылына бір рет, инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін үш жылда бір рет.

Өткен аптада өрт-техникалық минимум бойынша курс аяқталды, оны Астана қаласының Радиологиялық орталығының мамандары жүргізді. Оқудан 300 адам өтті.

Қазір өнеркәсіптік қауіпсіздік курсы аяқталуға жақын. Бұл курстың төрт бағыты бар: Химиялық өндіріс, жүк көтеру механизмі, ыдыстар және өнеркәсіптік қауіпсіздік.

Оқу аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер білімді бағалайтын біліктілік куәлігін алады.