Энергетика күніне арналған салтанатты іс-шара «Мирас» мәдениет үйінде өтті.
Кәсіби мерекеге орай «ҚЖЭК» МКК-нің 49 қызметкері Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығының төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ облыс әкімінің, қала әкімінің грамоталарымен, кәсіпорын мен Қазэнерго кәсіподағының марапаттарымен марапатталды.
Іс-шараға сала ардагерлері де шақырылды. «Ақжелен» этно-фольклорлық ансамблінің әртістері мәдениет үйінің фойесінде жылу энергетиктерін қарсы алды. Мерекелік атмосфера бауырсақ тағамдарымен, тақырыптық фотоаймақпен толықтырылды, ал жиналғандарға арналған залда жылу берушілердің жұмыс күндеріндегі бейнероликтер және Е.Өмірзаков атындағы облыстық филармония әртістерінің концерті көрсетіліп, конфетиден жасалған отшашумен аяқталды.