ХАБАРЛАНДЫРУ

«ҚЖЭК» МКК ХАБАРЛАНДЫРУ
көлденең бағыттағы бұрғылау (КББ) арқылы жылу магистралін монтаждау бойынша

Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына, сондай-ақ  Әуежай шағын ауданының  Д 500 мм жылу магистралін қайта жаңарту қажеттілігіне байланысты “Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы” МКК қала тұрғындары мен қонақтарын 2024 жылғы 21 тамызда сағат 8.00-ден 2024 жылғы 22 тамызда сағат 00.00-ге дейін Әуежай шағын ауданын және Қостанай-2 тұрғын ауданын жалғайтын көлік қозғалысы уақытша жабылатынын хабарлайды.

Барлығынан туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.