ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК заңда белгіленген тәртіппен тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2024 жылдың 1 жартыжылдығында жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша бекітілген тарифтік сметаның, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп жүргізеді.

Баяндама 2024 жылғы 25 шілдеде сағат 14-00-де Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 231, үшінші қабат, акт залы мекенжайы бойынша «ҚЖЭК» МКК әкімшілік ғимаратында өтеді.   

«ҚЖЭК» МКК әкімшілігі