Летунов көшесі бойынша ТМ-5 жылу магистралін қайта жаңартуға байланысты ыстық сумен жабдықтауды ажырату бойынша
«ҚЖЭК» МКК ХАБАРЛАНДЫРУ
Алдағы 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына дайындыққа, сондай-ақ Летунов көшесі бойындағы ТМ-5 физикалық тозығы жеткен жылу магистралін қайта жаңарту қажеттілігіне байланысты 2024 жылғы 21 тамыз дан 2024 жылғы 16 қыркүйек аралығында 5 көппәтерлі тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылады:
– Летунов көшесі №95, №111;
– Шаяхметов көшесі №110, №117а, №119А,
сондай ақ осы ауданның келесі кәсіпорындары мен ұйымдарында:
– Қостанай облыстық ауруханасы;
– Қостанай перинаталдық орталығы;
– Қостанай қаласының № 1 емханасы;
– Облыстық психикалық денсаулық орталығы;
– “УроМед” ЖШС;
– ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық;
– Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро;
– Облыстық кардиоцентр;
– Сот сараптамалары орталығы;
– “ГрИн” Қостанай облысының Азаматтық альянсы ” ҚҚ;
– Тәуелсіздік даңғылы №132 БЖСМ;
– “Қостанай Су шаруашылығы” РМК;
– И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры;
– “ГИППОКРАТ” медициналық орталығы;
– Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университет
Абоненттерден туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.