Мұндай рейдтер дебиторлық берешекпен күресудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады.
«ҚЖЭК» МКК бақылаушылары күн сайын борышкерлерді аралау жұмыстарын жүргізеді. Сот орындаушысының қатысуымен рейд – аптасына бір рет. Бұл жолы мұндай рейдке жылу беру мекемесінің директоры Асқар Бекпағанбетовта қосылды.
Борышкерлерді үйлерінен табу үшін сағат 19:00-ден кейін баруды жөн көрдік.
Есік ашылды, бірақ бәрі емес. Есіктерін ашқандар қарыздарды тез арада өтеу бойынша барлық шараларды қабылдайтындарына сендірді.