Бүгін қоғамдық тыңдау өтті

Қостанай қаласында «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

 

2024 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ның 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауға 87 тұтынушы қатысты.

Қатысушылардан келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Жеке қатыса алмағандар үшін іс-шара онлайн режимінде көрсетілді.

Жария тыңдауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтер қолданысқа енгізіле отырып, 2024 жылғы 20 желтоқсанда қабылданады.