Жаңа жылу маусымына дайындық аясында «Аэропорт» шағын ауданында бюджет қаражаты есебінен 2,4 шақырым жылу трассасы ауыстырылады. Жұмыс 30 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Осы күнге дейін 49 көпқабатты үй ыстық сусыз қалады.
Қазіргі уақытта мердігер тот басқан құбырларды қазып, бөлшектеуде. Осыдан кейін ғана жаңа жылу трассасы тартылып, абаттандыру, аулалар мен жолдар қалпына келтіріледі. Бас инженердің орынбасары Нұрлан Көшеков мердігердің жұмыс барысын күн сайын қадағалап отырады.