2023-2024 жылу маусымы аяқталды.

Жылу маусымының аяқталуы жылумен қамтушылар үшін үлкен оқиға. Бір жағынан, үздіксіз жылу берудің қарқынды кезеңі аяқталып жатыр, екінші жағынан, жаңа жылу беру кезеңіне дайындық – қысымды сынау басталады, және одан кейін жылу көздері мен жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондықтан жыл сайын сәуір айының соңында кәсіподақ ұйымының қолдауымен қызметкерлерді корпоративтік мерекемен қуантуға тырысамыз. Спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар өткізіп, дәстүрлі түрде нағыз палау дайындаймыз!