Депутаттар Қостанай ЖЭО-2-де болды

Бүгін тұрақты депутаттық комиссия отырысының күн тәртібінде «ҚЖЭК» МКК қызметі: проблемалары мен даму перспективалары туралы мәселе қаралды.

Азамат Аужанов депутаттарды жылу беру маусымына дайындық бойынша өткізілген іс-шаралар, бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі, кадрлардың айналымы, дебиторлық берешек және негізгі және қосалқы жабдықтардың тозуын азайтуға бағытталған жаңа жобалар туралы хабардар етті.

Депутаттар баяндаманы тыңдап, оны бірауыздан қабылдап, заңды тұлғалар үшін тарифтің өсуіне алаңдаушылық білдірді, бұдан әрі халық қалаулылары ЖЭО-2 жағдайын тексерді.