Карбышева-В.Интернационалистов көшелерінің қиылысында мердігер ТМ-19-ға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жоба инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.
Осы кезеңде мамандар диаметрі 530 мм болатын сыртқы жылу жүйесін орнатты. Мердігер жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алғаннан кейін жылу камерасын қазып, жерасты жылу желісін ауыстыруға кіріседі.
Бұл учаскеде барлығы 388 метр жылу трассасы ауыстырылады. Жаңа жылу маусымының үзіліссіз өтуі үшін 26 үйдің тұрғындары күзге дейін ыстық судың жоқтығына төзуге мәжбүр.