АУЖАНОВ АЗАМАТ КАНАТОВИЧ
Директордың міндетін атқарушы
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК.
1976 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар.
1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2002 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы болып қызметін атқарған.
Қостанай облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің қаржы-заң бөлімін, экономика және қаржы бөлімін, Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі болды.